Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Твиттер Ұлыбританияның су жаңа премьерін порноактрисамен шатастырды

Твиттердің бірнеше мыңдаған қолданушысы жаңа премьер Тереза Мэйді (Theresa May) емес, қателесіп порноактриса Тереза Мэйді (Teresa May) құттықтаған.

94b46a2b-89b8-440d-b2f0-8f014847314a

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Желі қолданушылары премьер-министр мен ересектерге арналған фильм жұлдызының есімдеріндегі аз ғана айырмашылыққа мән бермеген.

“Сіз біздің жүрегіміз бен ақыл-ойымызды жауладыңыз, @RealTeresaMay премьер-министр, – рахмет сізге, сәттілік тілейміз!”, “Адамдардан твит қабылдап жатқан порноактриса өзін Біріккен Корольдіктің жаңа премьер-министрі сезініп кеткен шығар”, – деп жазады.

ннн

Аса көп құттықтау хабарламадан шаршаған порноактриса өзінің Твиттер-аккаунтындағы жазбасын өзгертті.

“Мен премьер-министр емес, британиялық сұлу моделмін”, – деп жазды ол өз парақшасына. Сондай-ақ, қолданушылардың қателігінен оның аккаунтына аз уақытта 11 мың адам жазылып үлгергенін де айтқан.

Талқылау