"Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады": Ерке Есмахан голливудтық рэпердің өміріне алаңдайтынын жеткізді
Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісінде су жаңа суреттерін жариялап, ой саларлық жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Әнші бұл жолы Hollywood-тағы өнер иелерінің айналасындағы дау туралы да сөз қозғаған. Айта кетейік, P.Diddy лақап атымен танымал америкалық рэпер, музыкалық продюсер Шон Комбсқа адам сату, зорлау, өлтіру бойынша айып тағылды. Өнер иесі 17 қыркүйекте ұсталды. Комбсқа қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы былтыр қарашада белгілі болды. Оның бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура рэпер бірнеше жыл бойы оған физикалық және сексуалдық тұрғыда зорлап, оның жеке және кәсіби өмірін бақылауда ұстағанын айтты.
“Мына заманда көрсең де көрмегендей болып, естісең де естімегендей болып, білсең де білмегендей болып отыра берген дұрыс-ау. Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады. Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?", – деді Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әлемдік жұлдыздың өмірін талқылап жатыр.
"Соқыр, мылқау танымас тірі жанды болуың керек", "Голливуд әртістері қай ғасырда да айтылатын әңгіме ғой", "Аңқау арамза болу керек пе?", "Қазақстаным аман болса болды", "Өкінішке қарай, естіп жатырмыз", "Көріп, таңғалдық", "Сонша шындықтың енді ашылғаны қызық әрі қорқынышты", "Голливудта неміз бар,өз былығымыз да аз емес","Жылтырағанның бәрі алтын емес", "Ешқашан ештеңе елеусіз болмайды, тек бәрі өз сәтімен болады", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ерке Есмахан мен Райымның Америкадағы концерті кейінге шегерілген еді.