Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түсіндім" дей салдым": Гауһар Әлімбекова 6 жылға сотталғанын естігенде қандай күйде болғанын айтты

Біраз уақыт бұрын алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға сотталып, артынша ақталып шыққан Гауһар Әлімбекова сол күндері қандай күйде болғанын айтып берді. Оның сөзінше, алғашқы сот отырысында қамаламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Ал 6 жылға бас бостандығынан айырылғанын естігенде не болғанын ұқпай қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталының «The Эфир» бағдарламасына сілтеме жасап.

"Түсіндім" дей салдым": Гауһар Әлімбекова 6 жылға сотталғанын естігенде қандай күйде болғанын айтты

Басынан өткен ауыр күндерді еске алған Гауһар Әлімбекова аталған үкімнің өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты. Ол сот отырысы өткен кезде, тіпті, шартты түрде сотталамын деп ойламаған. 

«Мен екеуімізге де ештеңе болмайтынына сенімді болдым... Сот тыңдалымынан соң маған залдың бос емес екенін, астына түсе беруім керектігін айтты. Сол кезде залдың бос екенін көріп тұрмын. Секемденіп, адвокатыма қоңырау шалып, қашан келетінін сұрадым. «Гауһар, бара бер. Ол жерде көп ұстамайды. 5 минуттай ғана болады. Үкімді оқиды, сонымен болды», - деді. Сонда да олардың неліктен мені астына жіберіп жатқанын ойлап: «Маған шартты мерзім бермекші ме?» - деген ойда қалдым. Мен соның өзіне разы болмай тұрдым. Маған шартты мерзім берілмеуі керек деп ойладым», - дейді Әлімбекова. 

Өз сөзінде әнші судьяны, оның жылы қабақ танытқанын көріп, әділетті, мейірімді адам деп ойлап, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады деп күтпегенін айтты. 

«Судья келіп, тоқтамай үкімді оқыды. «6 жылға бас бостандығынан айырады», - деді. Артынша: «Гауһар Серікбайқызы, түсіндіңіз бе?» - деді. «Түсіндім», - дей салдым. Басқа не деймін? Даусым дірілдеп, түк түсініп тұрған жоқпын. Бір жігіт келді де, кісенді әкеп, салды», - дейді Гауһар Әлімбекова. 

Айтуынша, сол кезде не болғанын өзімен бірге айыпталған Феруза Ордабаева да түсінбей қалған.

«Ферузаның өзі түсінбей, маған қарап: «Қалайша?» - деп жылап жіберді», - дейді әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға сотталған Гауһар Әлімбекова таяуда өткен аппеляциялық сотта ақталып шықты. Ал оны айыптаған Бақыт Назарова соттың әділетсіз өткенін айтты

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр