Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түсінбегендер аударма жасап алсын": Ерке Есмахан қазақша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз естіді

Танымал әнші Ерке Есмахан орысша жазбайтыны үшін оқырмандарынан сөз естіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі оқырман қауыммен сырласып, бірнеше сұраққа жауап берді. “Неге орысша жазбайсыз. Бәрі сіздің тіліңізді түсіне бермейді?” деп сауал жолдаған оқырманын орнына қойды. 

“Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге “сіздің тіліңіз” деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударма жасап алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән”, – деп жазды әнші.



Өнер иесімен сырласқысы келген оқырман қарасы көп. Қазір бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған әншіні тыңдармандары сағынған болса керек, "Жаңа ән шыға ма?" деген сұрақ та жолдаған. 

“Отыра беретін сияқтымын. Өмірді басқаша сезіне бастадым. Бұрынғыдай біреуге бірдеңе дәлелдегім келіп, мазасызданбаймын. Ал өзіме-өзім бәрін дәлелдедім, көңілім тоқ. Жүрегіме жақын ән болса жарыққа шығарамын, бұйырса", – деді Ерке Есмахан. 

Фото: Ерке Есмаханның stories-і

Еске салайық, Ерке Есмахан голливудтық рэпердің өміріне алаңдайтынын жасырмаған еді. 

Талқылау