Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзов Баянға ұсыныс жасамас бұрын бар мүлкін туыстарының атына аударған

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Баян Есентаеваға жүрегін ұсынбас бұрын бар мүлкін туыстарының атына аударған.

Screenshot_10

Бұл туралы Ratel.kz жазған.

Есте болса, Есентаева мен Алагөзовтің қарым-қатынасы туралы ақпарат пайда болысымен-ақ, жұрт Алагөзовті GALANZ bottlers АҚ-ның (аталған компания елімізе танымал сусындар шығарады) директорлар кеңесінің төрағасы деп шуласты.

Алайда Тұрсынғали Тұрымұлы Алагөзов шын мәнінде GALANZ bottlers АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы болмай шықты.

Анықталғандай, аталған компанияның жаңа басшысы Ильдана Қазмамбетова екен. Ол кезектен тыс ұйымдастырылған жиналыс кезінде, нақтыласақ 2016 жылдың 26 желтоқсанында компания басшысы болып сайланған. Бұдан бөлек, Алагөзовтің компанияның негізгі акционерлері қатарында жоқ екені анықталды.

Осы жиналыста хаттамаға сәйкес, GALANZ bottlers АҚ-ның Т.Т.Алагөзовке тиесілі 100%-ының 50%-ын Ляйсира Маратқызы Алагөзованың атына аудару туралы мәселе қарастырылған.

Ляйсира Маратқызының Тұрсынғали Алагөзовке кім болып келетіні белгісіз. Ол соңғы уақытта БАҚ-тарда жиі талқыланып жүр. Алайда жұрт оны Алагөзовтің заңды жұбайы деседі.

«Алагөзов Тұрсынғали мен Алагөзова Ляйсира бүгінгі күні заңды некеде (2017 жылдың 8 ақпаны). Өз отбасымның мүшесі ретінде маған, яғни Алагөзова Әмина Тұрсынғалиқызына, менің отбасымның мүшелері Алагөзова Ляйсира Маратқызы мен Алагөзов Арсен Тұрсынғалиұлына қатысты БАҚ-та жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Ал отбасымның өзге мүшелері үшін жауап бере алмаймын», – деп жазған болатын Тұрсынғали Алагөзовтің қызы Әмина БАҚ-қа жолдауында.

Сондай-ақ, GALANZ bottlers АҚ-ның жаңа басшысы Ильдана Қазмамбетованың Тұрсынғали Алагөзовке кім болып келетіні белгісіз.

Тек бір мәселе: GALANZ bottlers АҚ-ның өзге жиынында толтырылған хаттамадан Ильдана Қазмамбетованың тіркелген мекен-жайы Тұрсынғали Алагөзовтің (2016 жылғы хаттамадағы) мекен-жайымен бірдей екені анықталды.

Яғни, желідегі парақшасына Баянмен түскен суретін салып: «Ол менің өмірімді өзгертті» деп жазғанға дейін небәрі бір апта бұрын Тұрсынғали Алагөзов бар мүлкін туыстарының атына аударған.

Есте болса, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов Баян Есентаеваға үйленген кезде неке келісім-шартына отыратынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Есентаева мен Алагөзов дәл қазір Мальдив аралдарында демалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)

Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Талқылау