Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берді

Әрсен Алагөзов әкесінің атына арыз жазды.

2 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына Тұрсынғали Алагөзовтің атына баласы Әрсен Алагөзовтен арыз түсті. Әрсен Алагөзов әкесі мен онымен бірге тұрып жатқандарды үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған. Бұл туралы Stan.kz ҚР Жоғарғы сотының сот істері базасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

7 наурызда арыз қабылданып, өндіріске жіберілген соң қылмыстық іс қозғалды.

Тараптар 29 наурыз күні сотқа шақырылатын болады.

Әрсен Алагөзовтің әкесін қай үйден қуып жатқаны белгісіз.

Былтырғы жылдың соңында Тұрсын Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов ұлының ажырасқанда бар мүлкін бұрынғы әйелі мен балаларына жазғанын айтқан болатын.

Ал, Тұрсын Алагөзов балаларымен бұрынғы қатынасын сақтап қалғысы келетінін, оған бар күшін салатынын айтты.

Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелімен ажырасқалы бері балалары әкесімен бұрынғыдай жақсы қатынаста емес. Тіпті қызы әкесінің тегінен бас тартып, ауыстырып жіберген еді.

Тағы да оқыңыз:

Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді (видео) 

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Талқылау