Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Түрмеден босатады”: Ішкі істер министрі Мәсімовтің денсаулығы сыр берсе қандай шара қолданылатынын айтып берді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кулуарда бас бостандығынан айырылғандардың денсаулығы сыр берсе босатыла ма деген журналистер сұрағына жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куларда министрге тілшілер Кәрім Мәсімов ісіне байланысты сұрақ қойды. Яғни, алдағы уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы денсаулығы сыр берсе түрмеден босатылу, босатылмауын сұраған. Марат Ахметжанов бұл мәселені былай түсіндірді.  

“Негізі, аурулардың нақты тізімі бар. Мысалы онкология болса оның қай сатыда екеніне қарайды. Бізде нақты заң бар. Террорист болсын, мемлекетке опасыздық жасаған адам болсын оны емдеу үшін түрмеден босату деген. Бірақ бұл жағдайда толық шешімді сарапшылар мен сот шешеді. Басты ескеретіні  - түрмеден шығару деген жазадан босату емес. Керісінше, адамды босатуға негіз болатын қауіпті аурулардың белгілері анықталса, онда оны емдеуге жібереді. Түрмеден шығарып, ауруханаға жатқызады. Емделгеннен кейін түрмеге қайта қамалады”, - деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі неліктен құпия режимде тергелгенін түсіндірген еді.

Талқылау