Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрмеде отырса да ақшасыз қалмайды": Танымал нумеролог Перизат Қайраттың тағдырын болжады

Фото: https://www.instagram.com/01pk/

Танымал нумеролог, психолог Гүлжан Ким ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған Перизат Қайраттың тағдырын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сандарды сөйлетудің маманы волонтердің туған жылы мен айы-күнін талқылады. 

“Негізі Перизат өзі кармалық адам болып туған. Бұның жаман кармалары көп. Ол өмірге жаман іспен айналысу үшін емес, бұрын жасаған жаман, қиянаты істеріне жауап беру үшін келді. Бірақ, мұндай кармалық адамдар өздерінің кармасын тазалаудың орнына, одан сайын ушықтырып алады. Біреулердің көмек ретінде жіберген сондай қомақты ақшасын алып, олай да былай қыдырған. Біріншіден, 5 күні туған. Бұл күні туған адамдар ақшаны, байлықты өте қатты жақсы көреді. Ақша үшін бәріне барады. Бірақ, ол адамдар рухани жағынан дамымай, ақшаға баспен кететін болса, ешкімге жаны ашымай, ақшаны жаман жолмен тауып, өздерінің кармаларын ушықтыра береді. Одан кейін логикасында екі бестігі бар. Ондай адамдар ақылды, ақшаны қалай табуды біледі, аш қалмайды. Перизат түрмеден шыққанның өзінде де ол ақша табудың жолын біледі. Түрмеде отырса да ақшасыз қалмайды”, – деп түсіндірді нумеролог. 



Одан кейін нумеролог Перизаттың жеке өміріндегі сәтсіздігі де тағдырына әсер ететінін жеткізеді.

“Перизаттың тапсырмасында ол адамдарға көмектесу тұрды. Ол шынымен де адамдарға көмектесіп, өзінің жақсы атын шығарды да, өзі де пайдасын көріп алды. Себебі, Перизатта пайда көру коды көп. Пайда жоқ жерде жүрмейді. 224 деген сан да шығып тұр. Ол қандай сан? Ондай адамдарға сенуге болмайды. Кез келген уақытта "лақтырып" кете алады. Перизаттың тіл байлығы өте керемет. Сонымен қатар, Перизатта ұрпақтан ұрпаққа берілетін карма да бар. Ол өткен өмірінде жасаған күнәларын бұл өмірде жасамау керек еді. Бірақ ол қайтадан қайталады. Жеке өмірінде де сәтсіздік көп болған. Ол қыздың жүрген жігіттері тастап кеткен, көзіне шөп салған, пайдаланып кеткен жағдайлар көп болған" , – дейді психолог.

Еске салайық, прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұраған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 16:19
Талқылау