“Түрмеде отырған жақсы еді”: Ресейдің атынан соғысқан қазақстандық оқиғасын бөлісті
Видеодан скрин
Ресейдің атынан соғысқа қатысып, тұтқынға түскен қазақстандық өз оқиғасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хочу жить” жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Ресейге демалуға барып, құқық бұзушылық жасағанын, артынша соғысқа жіберілгенін алға тартты.
“Мен Қазақстаннанмын. Ұлтым - қазақ. Байқоңыр ғарыш айлағынан. Жазда Ресейге демалуға барғанмын. Достарыммен ішімдік ішіп, бұзақылық жасадық. Жеткізушінің самокатын ұрлап, ұрдық. Бізді полицейлер ұстап алды. Сол сәтке дейін ішімдік ішіп көрмеген едім. Ең масы мен болдым”, – дейді қазақстандық жігіт.
- Қазақстандықтар Украинадағы соғысқа шақырылуда: Министр Аида Балаева бұл мәселемен қалай күресіп жатқанын айтты
- Украинада тұтқынға түскен қазақстандықтар анық соғысуға барған – Бас прокуратура
Отандасымыз түрмеге отырмау үшін осындай қадамға барғанын айтады.
“Қатты қорқып кеттім. Оған дейін құқық бұзушылық жасап көрмегенмін. Полициялық бөлімшеге де бармағанмын. Түрмеге отырмау үшін, келісім-шартқа қол қоюға тура келді. Туыстарыма хабарласып, кеңес сұраймын деп ойлағанмын. Адвокат алмақ болғанмын. Таяқ жеп, кір-кір болып өмір бақи соғыс алаңында жүргенше, түрмеде отырған жақсы еді”, – дейді ол.
Еске салсақ, осыған дейін "Хочу жить" жобасы соғысқа кеткен қазақстандықтардың есімдерін жариялаған еді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
