Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияның ең қарт тұрғыны 132 жаста өмірден өтті

Түркияның ең қарт тұрғыны 132 жаста өмірден өттіФото: aa.com.tr

Түркияда 132 жастағы елдің ең қарт тұрғыны Ходи Гюркан өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Отбасының айтуынша, кейуана 1894 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Ол Түркияның оңтүстік-шығысындағы Бинекли ауылындағы өз үйінде өмірінің соңғы сәтіне дейін тұрып, сол үйде көз жұмды. Ұзақ ғұмыры барысында қария Осман империясынан бастап қазіргі Түркия республикасына дейінгі үш тарихи дәуірдің куәсі болды.

Ходи Гюрканның артында жеті баласы, 110 немересі және көптеген шөберелері қалды. Қарияның жерлеу рәсімі Бинекли ауылындағы зиратта өтті. Оны соңғы сапарға шығарып салуға туыстары мен ауылдастары жиналды.

Мамандар қарияның ұзақ өмір сүруін генетикалық ерекшеліктерімен, ауылдық жердегі дәстүрлі өмір салтымен және Жерорта теңізі тағам үлгісімен байланыстырады. Алайда қария ресми түрде ұзақ жасаған адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабы тарапынан танылмаған.

Егер Гюрканның жасы туралы деректер дәлелденсе, ол әлемдегі ең қарт адам болар еді. Қазір бұл атақ Испаниялық 116 жастағы Мария Браньяс Морераға тиесілі.

Дана Русланқызы
Жұма, 01 Тамыз, 2025 19:59
Талқылау
`