Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 1 014 дейін өсті
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1014-ке дейін өсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар басқармасының (Afad) басшысы Юнус Сезер. Оның айтуынша, 2,8 мыңнан астам ғимарат қираған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 4 шамасында елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды (бастапқыда 7,4 балл туралы хабарланған, кейінірек деректер нақтыланған). Одан кейін ондаған жер сілкінісі болды. Түстен кейін Түркияның орталық бөлігінде тағы 7,7 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі Сирия аумағына да әсер етті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 371 адам қаза тапқан.
Жер асты дүмпулері Израильде, Арменияда, Абхазияда және Грузияда да сезілді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"