Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
Түркиядағы президент сайлауында кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмады. Сәйкесінше елде сайлаудың екінші кезеңі өтуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Anadolu Agency басылымының мәліметінше сайлауда барлығы 96,15% дауыс жиналған. Ал қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанға сайлаушылардың 49,42%-ы дауыс берсе, оның басты қарсыласы Кемаль Кылычдароглу 44,88% дауыс жинады.
Түркияда қайта дауыс беру 28 мамырда өтеді. Дегенмен Анкарада дауыс беру қорытындысы енді жарияланады.
Қазір елде президент сайлауымен қатар парламент сайлауы да өтіп жатыр. Дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес басқарушы "Әділдік және даму партиясы" 49,47%, оппозициялық "Республикалық халық партиясы" 34,09% дауыс жинады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген