Түркияда оқып жүрген қазақстандық студентті әскерге күштеп әкетпек болған
Фото: freepik.com
Түркияда оқып жүрген жігітті Қазақстандағы жазғы демалысы кезінде әскерилер көшеден күштеп алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенатта өткен брифингте журналистер Болу қаласында (Түркия) дайындық курсын ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына құжат тапсырған жас жігіттің мәселесін көтерді. Оның Түркиядағы оқуы оқуы 2 қазанда басталуы керек болған Ол сонымен қатар студент алмасу бағдарламасы бойынша Польшаға баруға дайындалып жүрген.
Қазақстандағы демалысы кезінде оны әскерилер күтпеген жерден көшеден күштеп алып кеткен.Олар тіпті түрік университетініне алынған анықтамамен қоса eGov порталы арқылы әскери борышты өтеу мерзімін кейінге шегеруге берген өтінімге де қарамаған. Әскери комиссариат оқуға қабылданғаны туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы талап еткен, ата-анасы жаңа құжатты рәсімдеп боламын дегенше, такси күтіп тұрған жігітті көшеден алып кеткен.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов бұл фактіні растады.
"Иә, ондай жағдай болды. Жас жігіт Түркиядан демалысқа келіп, әскери комиссариатқа шақыртылған. Мерзімнің кейінге шегерілгені туралы мәліметтерді жедел жеткізуі керек ақпараттық шлюз бар. Бұл жағдай реттелді: ол босатылды, қазір өз ісімен айналысып жатыр", - деп түсіндірді министрлік өкілі.
Сондай-ақ журналистер жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырып үлгермеген мектеп түлектерінің жағдайы қалай болатынын, оларды да күштеп әкетуі мүмкін бе екенін сұрады.
"Бәрі заң аясында орындалады. Оқу орындары оқуға түскендер тізімін ақпараттық шлюз арқылы жібереді. Түлектердің көбі 17 жаста, ал әскерге 18 жастан бастап шақыртылады", – деп жауап берді Камалетдинов.
Сондай-ақ сенат кулуарында қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов әскерге көшеден күштеп әкету жайттарына түсінік беріп, азаматтарды әскерге шақыру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен реттелетінін айтты