Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады: 4 адам қаза тапты
Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Мугла провинциясында болды.
Деректерге сүйенсек, тікұшақ аурухананың жоғарғы қабатына соқтығысып, кейін аулаға құлаған. Соққы салдарынан тікұшақ бөлшектеліп қалды.
Салдарынан ішінде болған ұшқыш пен үш фельдшер қаза тапты.
"Оқиға таңертең биіктікке көтерілу кезінде болды. Тікұшақ аурухананың төртінші қабатына соқтығысты. Барлығы көз жұмды", - деді губернатор.
Билік апаттың себебі тұман екенін айтты. Тікұшақ Анталияға бет алған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан