Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда қатарынан үш рет жер сілкінді

Бүгін Түркияда қатарынан үш жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы басылымына сілтеме жасап.

жер сілкінісі

Түркияның шығысында орналасқан Малатия провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы хабарлады. 

Жер асты дүмпулері 05:13 кезінде 8 км тереңдікте тіркелген.

Сонымен қатар сағат 04:34-те магнитудасы 4,7 балдық 10 км тереңдіктегі жер сілкінісі тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Пютурге ауданында болды.

Бұған қоса Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында да магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хасса аймағында болған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзала елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркиядағы табиғи апат салдарынан 48 мың адам қаза тапты. 

Талқылау