Ер адам үйлену тойынан 2 ай өткен соң әйелін электрлі арамен өлтірген
Осыдан екі ай бұрын шаңырақ көтерген жас жұп Халит Жан мен Севжан Демир Сакманның отбасылық өмірі қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аnkaramasasi басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Аnkaramasasi
Үйлену тойынан кейін ерлі-зайыпты қаржылық қиындықтарға тап болып, жиі ұрыса бастаған. Сондай жанжалдардың бірінде Халит Жан әйеліне электрлі арамен шабуыл жасаған. Ол ара қолдануына жары Севжанның пышақпен қорқытқаны себеп болды дейді.
Ер адам әйелінің мойын тұсынан ұрған. Онымен қоймай, әйелін өлімші етіп сабаған. Айғайлаған дауысты естіген көршілер полиция шақырған. Әйелдің денесі Анталия медициналық орталығының мәйітханасына жеткізілді.
Севжанның анасы Хавва Юнай қызы жатқан ауруханаға барып, “енді қалай өмір сүремін, баламды өлтіріп тастады” деп жылап жіберген.
Ерлі-зайыптының екеуі де медицина саласында жұмыс істеген. Халит Джан мейіргер, Севжан мейірбике болған.
Айта кетейік, бұған дейін 5 ақпан күні Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 42 жастағы әйелдің мәйіті табылған еді. Кейіннен әйелін өлтірді деген айыппен оның күйеуі ұсталған.