Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел кір шашын басқа адамдарға сатып, байып кеткен

Ұлыбританиялық әйел кір шашын сатқанФото: TikTok / latieshajbackup

Ұлыбритания тұрғыны Латиша Джонс ерекше дүниелерді сатып, қалай ақша тапқанын The Sun басылымына айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 жастағы Джонс бай болуды армандап, OnlyFans платформасына тіркеліп, жазылушылардың түрлі өтініштерін орындай бастаған. Мысалы, ол олар үшін ескі құлаққаптары мен пайдаланылған аяқ маскаларын сатып отырған.

Оның айтуынша, тұрақты клиенттерінің бірі Джонстан екі айға дейін өріп жүретін шаштарын сатып алады. Бұл ер адам оған шашы үшін әр жолы 800 фунт стерлинг (шамамен 571 200 теңге) төлейді. Ол шаштың иісін иіскеу үшін сатып алатынын айтқан.

Джонстың таныстары бұл клиентті жасы үлкен әрі күмәнді адам деп елестетеді екен. Алайда Джонс оны 20 жастағы қарапайым адам деп сипаттайды. Ол оған шашпен бірге ашықхат та жібереді. Онда "Шашым басымда көрінгендей жақсы иіс шығарады деп үміттенемін" деп жазатын көрінеді.

Кей жазылушылары бұл әрекетті қауіпті деп есептейді. Себебі шашта оның ДНҚ-сын сақтайтын табиғи талшықтар қалады. Дегенмен Джонс клиентінің қылмыскер немесе маньяк еместігіне сенімді екенін айтады.


Ламин Ямаль туған күніне қатысқан сұлу қыздарға миллиондап ақша төлеген


 

Таиландта бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала табылды


 

 

Еске салайық, бұған дейін әйел 20 жыл бойы шатырда жатқан күтпеген олжаның арқасында байып шыға келгенін жаздық. Британиялық әйел фарфордан жасалған ыдыс-аяқ жәшігін кезінде офицер болған және 20 ғасырдың басында Қытайға барған атасы қалдырып кеткен. Бірақ ол ыдыс-аяқ зақымданған соң пайдаға жарамайды деп ойлаған.

2002 жылы әйел "сынған фарфор" деп жазып, қорапты шатырға қойып қойған, ыдыс-аяқ осы уақытқа дейін сол жерде тұрған. Жақында Джил Стюарт оны қайтадан тауып, лақтырайын деп ойлаған, бірақ соңғы сәтте ыдыс-аяқты бағалау үшін аукционға апарады. 

STAN.KZ
Жексенбі, 03 Тамыз, 2025 19:15
Талқылау
`