Түркия туы ілінген бағанада билеген шетелдік турист бас бостандығынан айырылмақ
Фото: Видеодан скрин
Каппадокиядағы туристік танымал нүктелердің бірінде түсірілген видео желіде таралып, қыз мемлекеттік символды қорлаған деп айыпталды. Ол акробатикалық трюктарды орындау үшін Түркия туы ілінген флагштокты қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bazabazon арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғындар оның әрекеттерін мемлекеттік символға тіл тигізу деп санаған және полицияға шағымданған. Осылайша, прокурорлық орган Түркия Қылмыстық кодексінің 300-бабы (мемлекеттік символдарды қорлау) және 301-бабы (Түркия ұлты мен институттарын қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Ту біздің абыройымыз, көзіміздің нұры. Каппадокияға келген туристер әрдайым Невшехирдің қонақжайлылығымен баурайды. Алайда біздің ұлттық және рухани құндылықтарға құрметсіздік көрсету мүлде қабылданбайды", – деп мәлімеді жергілікті партия депутаты Эмре Чалышкан.
Бишінің азаматтығы белгісіз, түрік БАҚ-тары оны "yabancı turist", яғни шетелдік турист деп атайды. Кейбір пікірлерде видео авторы Балқан тілдерінің бірінде сөйлеген болуы мүмкін екені айтылған.
Айта кетейік, Түркияның заңына сәйкес қыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. Қазір қыздың ұсталғаны немесе Түркиядан кеткені туралы ақпарат жоқ.
"Көк туды жапқаны несі?!": Қанат Айтбаевқа құдасының берген сыйлығы сынға қалды
Еске салайық, бұған дейін Атырау соты арабша жазуы бар Қазақстан туын ұстаған қыздарды суретке түсірген екі анаға айыппұл салды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша төрт қыз әкімшілік жауапқа тартылып, біреуі 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар полиция мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр. Арабша жазуы бар ту Wildberries сайтынан сатылымнан алынды.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
