Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық “Тұран” футбол клубы жекенің қолына өтеді

футболФото: “Қайрат” фк

Түркістандық “Тұран” футбол клубы жекенің қолына өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп жатыр.

“Тұран“ өте жақын уақытта жеке меншікке өтеді. Қазір бізде әлеуетті инвестор бар, келіссөздер жүріп жатыр. Жақын арада клубты сатылымға шығарамыз”, – деді Көшеров.

Осылайша "Тұранның" алдағы маусымдағы тағдыры тікелей инвестормен келісім және жаңа иесіне байланысты болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Астаналық "Жеңіс" клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе сатып алды. "Шахтер" клубының жаңа иесі – кәсіпкер Тимур Турлов. Петропавлдың "Қызылжар" командасы Сергей Канға тиесілі болды. Ал "Ақтөбенің" жаңа басшысы – Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев. Қызылордалық "Қайсар" клубын 30 қазаннан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқармақ.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 22:43