Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалған 7 жасар қыз қайтыс болды

Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалған 7 жасар қыз қайтыс болды

Фото: Ru.freepik.com

30 қараша күні Жетісай ауданында болған өрттен зардап шегіп, өте ауыр жағдайда жеткізілген 7 жастағы науқас ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

18 қараша күні таңғы уақытта Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам ажал құшқан еді. Өрттен 3 адам аман қалған еді. Солардың бірі 7 жасар баланың кеше, 30 қарашада ауруханада көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның жақындарына көңіл айтты.

“Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салсақ, 18 қарашада таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден 12 адамның мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Артынша қаза тапқан12 адамның жаназасы шығарылған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 16:28