Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда өз үйін сатып, Сирияға қашып кетпекші болған ер азамат ұсталды

Түркістанда терроризм мен діни экстремизді насихаттап жүрген жергілікті тұрғын ұсталды. 39жастағы азамат өз отбасын Сирияға көшіп, Қазақстанда тыйым салынған ұйымға мүше болуды үгіттеп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 

ДАИШ тобының мүшесі 39 жастағы ер азамат велосипедпен жайбарақат келе жатқанында ұсталған. 4 баланың әкесі ұлттық қауіпсіздік комитетінің көзіне жазда түскен. Ол сол уақытта жергілікті мешітке келіп алып, имамдармен жанжалдасқан. Ер азамат дін жолындағы адамдар дұрыс емес көзқарасты насихаттап жүргенін, алдағы уақытта басқа дінге сенушілермен соғыс басталатындығын айтқан. Бұған қоса ол шетелдегі жаугерлерді мақтан тұтып, Сирия еліне қоныс аударуға дайындалып, үйін сатуға да қойып үлгерген. Тұтқындалған азамат изоляторға қамауға алыныпты. Жат елге көшейін деген ер адам өз кінәсін жартылай ғана мойындапты. Оның үстіне қылмыстық іс қозғалған, алдағы уақытта азамат 12 жылға жейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жат діни ағымының мүшесі болған еркектің отбасымен теолог мамандар жұмыс атқаруда. 


Приверженца группировки ДАИШ спецслужбы сняли прямо с велосипеда, когда он ехал по делам. В поле зрения сотрудников Комитета нацбезопасности отец четверых детей попал ещё летом. Тогда он начал приходить в местную мечеть и ругаться с имамами. Он говорил, что священнослужители неправильно трактуют ислам и нужно готовиться к войне с иноверцами. Мужчина также восхвалял деятельность боевиков и уже успел выставить дом на продажу, чтобы уехать в Сирию. Задержанного водворили в изолятор. Свою вину он признал частично и теперь может получить до 12 лет тюрьмы. С членами его семьи сейчас работают теологи.
 

Талқылау