Түркістанда облысында үш экс полицей 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталды: Полиция істі тексереді

Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында қызмет атқарған үш полиция қызметкеріне қатысты ауыр қылмыс жөнінде ақпарат тарады. Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, полицейлер зорлау дерегі бойынша күдікке ілініп, қызметтен бірден босатылған.
Редакция бұған қатысты ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтен жауап алды.
"Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұрынғы полиция қызметкерлерінің аталған оқиғаға ықтимал қатыстылығы толық көлемде тексеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында принципті құқықтық баға берілетін болады", – деп пікір білдірді Шыңғыс Әлекешев.
Министрліктің мәліметінше, жүргізілген қызметтік тексеруден соң аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылды.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", – деп түсіндірді министрлік өкілі.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”