Түркістанда облысында ер адам әйелін балталап өлтіріп, артынша өзіне қол салған
Фото: Stan.kz
Түркістан облысында қызғанышқа булыққан күйеуі әйелін балталап өлтірген. Он төрт жыл отасқан жұбайын өлтірген ер адам қанды қылмыстан соң өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сұмдығы ата-анасының қанға боялған жансыз денесін таңертең мектепке жиналған балалары көріпті. 13 жастағы қыз үйден шыға бере анасының қан-жоса болған денесін табады. Шыңғырып жіберген оның дауысын көршілері естіп, келген екен. Бір түнде жетім қалған 4 перзент қазір балалар үйінде.
“Басы осы жағы қан-қан. Балта ма бірдеңемен соққыға жасаған. Немен ұрғанын білмедік. Кейін тексергенде балғаны тауып алдық. Басынан балғамен ұрған екен. Балғамен ұрып жарған. Күйеуінің өзі дәретханада асылып жатыр екен”, – дейді марқұм әйелдің ағасы Мырзакерім Мырқадиев.
Беті ғана емес денесінің сау тамтығы қалмаған келіншек аулада ішкі киіммен ғана жатқан көрінеді. Қара жамылған отбасы 45 жастағы әйелдің денесін жууға кіргенде танымай қалғандарын айтады.
“Шаштары жұлынған. Қанмен қатып қалған. Басы қоқыс, шөппен бірге қатып қалған. Беттерін айтпай-ақ қояйын. Адам танымайды. Денесінің сау жері жоқ. Сүйреген кезде барлық жағын сырып кеткен”, – дейді марқұмның әпкесі Мухаббат Мырқадиева.
Туыстарының сөзінше жанжалдан басталып, өліммен аяқталған жағдай түнгі бірлер шамасында болған. Анасының мәйітін таңғы алтыда көрген үйдің тұңғышы дереу көмекке шақырып әкесін іздеген. Алайда әкесінің телефонының дауысы дәретханадан шығып, ол жақтан екінші мәйітті көреді. Марқұм соңғы сөзін үнтаспа күйінде жазып қалдырыпты.
“Мен өз әйеліме қол жұмсадым. Себебі зина көбейіп кетті деді. Маған да айтты біреулер мына машинада қарындасым жүр деп айтты. Содан кейін мен сондай істедім деді. Қызғаныштан болып тұр ғой”, – дейді марқұм әйелдің ағасы Мырзакерім Мырқадиев.
Ділнара Мырқадиеваның туыстары күйеу баланың сөзін дәлелсіз қауесетке балайды. Қазір бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
”Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын жұбайына дене жарақатын салған. Салдыранын ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттаған аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген”, – делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Ерлі-зайыптының артында 1 қызы мен 3 ұлы қалды. Тұңғышы 13 жаста болса, кенжесі 3 жаста. Біреуінің мүмкіндігі шектеулі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салғаны туралы жазған едік.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
