Қорғаныс министрлігі қызметтік ардагер иттерді 561 теңгеден сатылымға шығарды

Қорғаныс министрлігіне қарасты "Қазспецэкспорт" кәсіпорны Түркістан облысында 12 қызметтік овчарканы электронды аукцион арқылы сатуға қойды. Жасы келген иттердің бастапқы бағасы 561 теңгеден басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысында зейнетке шыққан асыл тұқымды қызметтік иттер небәрі 561 теңгеден сатылымға шығарылды.
Қорғаныс министрлігіне қарасты "Қазспецэкспорт" РМК электронды сауда порталы арқылы 12 қызметтік итті аукционға қойған. Сатылымға шығарылған иттер неміс және бельгия овчаркалары. Олардың қатарында Лео, Мерген, Марика, Май, Марси, Мавр, Малька, Малыш, Марчи, Мангул, Минти және Мрак атты иттер бар.
Барлық 12 иттің жалпы бағасы 12 082 теңге. Әрқайсысының бастапқы бағасы 561 теңгеден 1 631 теңгеге дейін белгіленген.
Фото: sauda.e-qazyna
Қызметтік иттердің жасы шамамен 10 жыл (2015-2016 жылы туған). Құжаттарға сәйкес олардың жағдайы "қанағаттанарлық", бірақ "арық" деп көрсетілген. Барлық иттерде ветеринарлық паспорт, чип және инвентарлық нөмірі бар.
Фото: sauda.e-qazyna
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл иттер мемлекеттік мүлік болып саналады. Сондықтан оларды тегін беру немесе жай ғана есептен шығару заңға қайшы. Ал балама нұсқа ұйықтату болғандықтан, олар жануарларды сатылымға шығару арқылы гумандық жолды таңдаған.
Фото: sauda.e-qazyna
Бағаның өте төмен болуы иттердің "қызметтік ресурсын" өтегенімен түсіндіріледі. Қазір олар қызметтік емес, жасы келген жануар ретінде бағаланып жатыр.
Айта кетейік, мұндай жағдай бұған дейін Қостанай және Алматы облыстарында да болған. Ол кезде де қызметтік иттер аукцион арқылы сатылымға шығарылып, ең төменгі баға шамамен 935 теңгеден басталған.
- Әйелдің қымбатқа алған күшігі түлкі болып шыққан
-
Ақтөбеде оқушыны бұралқы иттер талап тастаған: Тұрғындар балаларын сыртқа шығаруға қорқып отыр
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шекара қызметінде болған зейнеткер иттер “Е-Қазына” порталында аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Қостанай облысында қызмет еткен бельгиялық және неміс овчаркалары “пайдаланылмайтын әскери мүлік” ретінде бағаланып, 935-2719 теңге аралығында ұсынылған. Жасы 10-нан асқан иттерге жаңа иелер табу қарастырылған.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе