Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда әскерге кетіп бара жатқан жігіттерді тәртіп сақшылары қоршап алған: Желі қолданушылары бұл қысымға шағымданып жатыр

Түркістан вокзалында әскери адамдар бір топ жігітті қоршап алып әкетіп бара жатқанын TikTok қолданушысы видеоға түсіріп алған. Тіпті Ұлттық ұлан әскерилері оларға туыстарымен қоштасуға мүмкіндік бермеген. Ал жігіттердің ата-анасы күзетке бас салып, балаларына бірдеңе деуге тырысып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншотВидеодан скриншот

TikTok видеохостингінде тараған видеодан оқиға кешкі уақытта, вокзал маңында болғанын байқауға болады. Бір топ әскери адам қолына қорап ұстаған жігіттерді қоршап әкетіп барады. Желі қолданушылары видеода не болып жатқанын түсінбей жатыр. Ал түсініп, білгендер “жігіттерді әскерге неге сонша қоршап алып, қысып әкетіп барады?” деп шағымданды.

“Не болғанын түсіндіріңдерші, неге қоршап алған?”, “Егер әскеріміз адамға қауіпсіз болса, бәрі борышын өтеуге барар ма еді”, Құрсын, мынау не? Әскерге осылай апара ма?”, “Бұл қандай күзет? Кезінде бәрі мәдениетті түрде өз еркімен жүретін еді ғой”, “Олар соғысқа бара жатқан жоқ қой?” деп жазып жатыр желі қолданушылары.

 

@sayat6514 #туркестан ♬ оригинальный звук - Sayat

Stan.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің өкілдеріне хабарласып, "Жігіттерді әскерге алып барудың да ережелері бар" деген жауап алды. Мұндай жағдайға қатысты бұдан бұрын министрдің өзі де пікір білдірген.

"Полицейлер вокзалдарда қоғамдық тәртіпті бақылайды. Кейде әскерге шақырылған жас жігіттерді заң бұзудан қорғауға тура келеді. Мұндай бірнеше жағдайды мысалға келтіре аламын. Ең әуелі өкінішке қарай, алкогольді тұтыну және тағы басқа жағдайлар. Сондықтан қорғауға мәжбүрміз. Екіншіден, жас жігіттер әскерге шақырылғанда рұқсат етілген дүние-мүлік, азық-түлік тізімі бар. Мысалы, Оңтүстік Қазақстаннан Батыс Қазақстанға барса, жол 2,5 күнге созылады. Ондай кезде кей тағамдар тез бұзылады, жолға жарамайды. Біз оларды тамақтың барлық түрімен қамтамасыз етеміз, жігіттерімізді қажетсіз нәрселерден қорғаймыз”, – деп пікір білдірген қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жігіт өзін қорғаныс қызметкерлерінің қалай күшпен әскерге алып кеткенін айтып берген еді. Серікті 2023 жылы жазда әскерге күштеп алып кете жаздаған. Өзінің айтуынша, әскери форма кимеген екі адам келіп, әскери комиссариатқа апарған. Қолы ауыруына байланысты жарамаймын десе де, қоймай көндіруге тырысқан.

 

Талқылау