Түркістан соты педофилді 2,5 жылға ғана соттаған
Видеодан скриншот
Түркістан облысының соты 54 жастағы Талғат Қатауовты кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 2,5 жылға ғана бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Орал апталығы” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 6 мен 14 жас аралығындағы бірнеше қызға қатысты бірнеше рет әдепсіз әрекеттер жасаған. Оған Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі “Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау” бойынша айып тағылды. Бұл бап үшін бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бастапқыда Қатауовқа Қылмыстық кодекстің 124-бабы “Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру” бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда сот отырысының соңында прокурор Қатауовқа тағылған айыпты онша ауыр емес айыппен ауыстыруды сұрады.
2000 жылдардың ортасында Талғат Қатауов Бөкейорда ауданында мектеп директоры қызметін атқарған. Ол мектеп оқушысына сексуалдық қысым көрсеткені үшін сотталып, қызметінен қуылды.
Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2024 жылы тамызда жиені оны зорлады деп айыптады. 15 жастағы жасөспірім қыз анасына әкесінің інісі Талғат Қатауовтың оны 9 жасында зорлағанын, ата-анасы жоқта үйге қайта-қайта келгенін айтқан. Қыздың анасы арыз жазған соң, полицейлер Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Бірнеше рет зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция бірнеше ай бойы тергеу жүргізді.
Бойжеткен полиграфтан және басқа да тексерулерден өтті. Ол бірқатар психологиялық күйзеліске ұшырады. Тергеушілердің немқұрайлы әрекетіне анасы бірнеше рет шағым түсірген. Қаржылық қиындықтарға байланысты отбасы адвокат қызметін төлей алмады; қорғауды мемлекет берген адвокат жүргізді.
Желтоқсанда полиция департаменті қылмыс құрамының болмауына байланысты Қатауовқа қатысты тергеуді тоқтатты.
Талғат Қатауовты Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысының азаматтық белсенділері құқық қорғау органдары пайдаланатын арандатушы ретінде біледі. Ол белсенділерді заңсыз әрекет жасады деп талай рет жалған айыптаған, оның мәлімдемесі негізінде полиция оларды тұтқындаған, ал сот оларға жаза тағайындаған.
Еске салсақ, сынып жетекші өгей қызын зорлаған педофилді ұстауға көмектескені айтылды.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
