Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы түрмеде тұтқындар бүлік шығарды

Түркістан облысындағы түрмеде сотталғандар бүлік шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты наразылық білдірген.

20 қыркүйек күні кешке жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздіктер кезінде ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алған. 


Жұмбақ өлім: Шымкентте түрмеге бір ай бұрын отырған сотталушы қайтыс болды


"Аталған факті бойынша "мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, сол сияқты топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану немесе өзіне қасақана зиян келтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы түрмеде сотталғандардың өздеріне қол салмақ болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау