Түркістан облысында ветеринарлық қызмет басшысы қызметкерлерден сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап алған (видео)
Түркістан облыстық ветеринария басқармасының "Ветеринарлық қызмет" ШЖҚ МКК басшысы Бақытжан Бегманов сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Түркістан қалалық соты Бақытжан Бегмановқа қатысты үкім шығарды. Ол аудандық 115 қызметкерден сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
“Сот үкімімен Бақытжан Бегманов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталған еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”