Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Видеокамераларды сындырып, сотталғандарды ұрған: Түркістан облысында түрмеде шу шығарған қылмыскерлер тағы 9 жылға сотталды

Фото: Stan.kz

Түркістан облысындағы түрмеде шу шығарған жазасын өтеушілерге сот үкімі шықты. Түзеу мекемесіндегі 88 бейнекамераны сындырып, қызметкерлерді жарақаттады деген айыппен 13 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Төлеби ауданындағы Nº55 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің ата-аналары балаларын азаптап жатыр деп мәлімдеме жасаған еді. Осыдан кейін ғимараттан тыныштық кетіп, дүмпу болғаны айтылды. Ал дүмпуді жасады деген айыппен түрмедегі сотталушылар жауапқа тартылды.

Бұған дейін есірткі тасымалы, алаяктық, адам өлтіру және баланы зорлау бабымен сотталғандарға тағы жаза мерзімі қосылды. Олардың көбінің бостандыққа шығуына 2-3 жыл қалған екен. Енді әрқайсысы тағы 9 жылға сотталып 10, әрісі 11 жылын түрмеде өкізеді. 

Фото: Stan.kz

“Бұл қылмыстық әрекетті олар мекемеде орнатылған бейнебақылау жүйесін бұза отырып және оқшауланған мекеменің қызметкерлеріне қауіп төндіріп, күш қолданып, топтаса отырып жасаған”, – деп мәлімдеді Төлеби аудандық сотының судьясы Нұрмахан Жорабеков.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Маусым, 2025 14:02
Талқылау