Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қайыр сұратып, адам саудасымен айналысқан адам ұсталды
Түркістан облысында адам саудасымен айналысып, мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыскерді адам саудасы үшін 400 мың теңге алып жатқан жерінде қолға түсірген.
"Ш., есімді азамат 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сатып жатқан жерінде ұсталып, қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Облыстың тағы он тұрғынының адам саудасына қатысы бар-жоғы тексерілмек. Тергеу егжей-тегжейлері жарияланбады, қазір тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 5 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам саудасымен күрес туралы заңға қол қойды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"