Түркістан облысында сотталушы медициналық мекемеден қашып кетті
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Түркістан облысында полиция жасырынған сотталушыны іздестіру бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Анықталғандай, 23 қазанда сотталушы ем қабылдап жатқан медициналық мекемеден шығып кеткен. Қазір оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бағытында жедел іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Қашқынды ұстау үшін полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.
"Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталды, кінәлі тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады. Жағдай Түркістан облысы ПД басшылығының жеке бақылауында," - делінген ақпаратта.
Azh.kz порталының хабарлауынша, іздестіріліп жатқан сотталушы микрокредиттік ұйымға қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып танылған.
Аталған ұйымның клиенттері несиелерін толық өтегенімен, кепілге қойған тұрғын үйлерін қайтара алмаған.
"Оған алаяқтық және пара беру баптары бойынша айып тағылған. Бұдан бөлек бұл іс бойынша тағы 24 адам жауапқа тартылған, ондаған жәбірленуші бар. Кентау қалалық сотында процесс жарты жылдан бері жалғасып келеді", - деп жазады басылым.
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді