Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады (видео)

Видеодан скрин

Түркістан облысының Келес ауданынында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолындағы көпір құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көпірдің апатты жағдайда екені алдын ала анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған анықталды. 

Әлеуметтік желіде көпірдің құлау сәті түсірілген видеолар тарады. 


"Әр отбасы 40 мың теңгеден жинаған": Өскемен тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған


Қазір төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды. Тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатқан көрінеді. 

Жергілікті билік алдағы уақытта аталған көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою бойынша кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде екі жыл бұрын 600 миллион теңгеге жөндеуден өткен көпір опырылып түскені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 21:23