Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды
Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Otyrar” басылымына сілтеме жасап.

Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кетіпті. Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен.
"Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы", – дейді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.
3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған