Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам екі өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Кентау қаласында ер адам өгей екі қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ер адам ұзақ жылдар бойы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған деп күдіктелуде. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері басталған кезде өгей қыздары алты және сегіз жаста болған.

Түркістан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталғанын растады. Полицияның мәліметінше, арыз 2025 жылдың желтоқсан айында түскен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында өгей әкемізден қорлық көрдік деген апалы-сіңлі қыздар әділдік іздеп жүргені туралы жазған едік. Олардың айтуынша, өгей әкесі 6 және 8 жаста болған кездерінен бастап азғындық әрекеттер жасап келген. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 22:51