Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шариғат" нормаларын енгізбек болған: Түркістан облысында Хизб-ут-Тахрир экстремистік ұйымының жолы кесілді

Ішкі істер министрлігі Кентау қаласында "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. 

Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған.  

Іздестіру барысында 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталғанын жаздық. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Прокурор соттан Т есімді азаматқа бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Қорғаушы мен сотталушы жеңілірек жаза тағайындауды сұрады. Баспасөз қызметі соттың кінәні мойындау түріндегі жеңілдететін мән-жайларды белгілегенін түсіндірді.

Талқылау