Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Көкірегім мен санымнан ұстады”: Түркістан облысында дене шынықтыру мұғалімі 8-сынып оқушысына қол жүгіртті деп күдіктелуде

Фото: Stan.kz

Түркістан облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кәмелет жасына толмаған балаға жыныстық сипаттағы сексуалдық әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Әуелі мұғалім оқушы қызға SMS хабарлама жазып жүрген. Кейін шәкіртіне Шымкентке бірге барып қайтуға ұсыныс жасаған дейді қыздың анасы. Серуендеп келеміз деген сөзге сенген 8-сынып оқушысы түнгі он екіде үйден өз еркімен шыққанын мойындап отыр. Алайда, ұстазының көлігіне отырғасын тізгін басқа бағытқа ауысып, жан баласы жоқ аумаққа алып барғанын айтады.

“Мен сені жақсы көрем деп сөзі өзгере бастады. Содан соң құшақтап, сүйіп, көкірегімнен, санымнан ұстаған болатын. Сол кезде қолын қайтарған болатынмын. Машинадан алыстау жерде болған. Не істеп жатқанын білмеймін. Теріс қарап тұрған. Машинадан түсіп, бірдеңе болып қалмасын деген ой болды менде. Сосын мен өзім машинадан түсіп әрі қарай үйге жақын бірінші қиылыстан тоқтаған еді. Үйге бара жатсам үйдің светі жанып тұр екен. Үйдегілер мені іздеп жатыр екен”, – дейді оқушы.

Ұстазынан азғындық көрген оқушыны қазір ата-анасы психологқа алып баруға мәжбүр. Қала берді күн сайын тергеу табалдырығын тоздырып жүрміз дейді. Одан бөлек мектептің өзге мұғалімдері де қысым жасағанына айтып отыр.


Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысында мұғалімнің оқушыларға қол жүгірткен видеосы тарады (видео)


"Бұлар қазір өздерін өздері қорғап, ағайларын қорғап, директорын қорғап, өздерін өздері қорғай беретін болса, сонда оқушылар қайда қалды? "Біздің екі үш апай ертең жұмыстан босайын деп тұр. Сен анаң мен әкеңе әр нәрсені айта берме. Бәрібір ертең оқитын мектебің ғой” деп әрдеңені айтқан. Менің түсінігімше ол қорқытқанға жатады", – дейді қыздың анасы Гүлжауһан Медетбекова.

Оқиға орын алған төртінші тоқсаннан бері мектеп оқушысы мектепке барудан қалған. Мұны мектеп директоры 8-сынып оқушысының күйзеліске түскенімен байланыстырады. 

“Қызға педагогикалық, психологиялық көмек қажет. Сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір жұрттың бәрі біліп отыр. Мектептегі құрбы құрдастары да біледі. Сондықтан жұрттан алшақтау ұстайды өзін. Қыркүйектен бастап қалыпты жағдайда оқуға тартамыз”, – дейді Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп директоры Досбол Жамалов.

Қылмыстық кодекстің 122 бабы бойынша айып тағылған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қазір қамауда. 38 жастағы ер адамның 5 баласы бар екен. Оның бірінің мүмкіндігі шектеулі. Мұғалімнің еңбек өтілі 16 жыл.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 22:27
Талқылау