Түркістан облысында ауруханадан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ер адам танысының үйін паналап, бой тасалаған.
“Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс жүргізу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу амалдары басталды”, — деп хабарлады департамент.
23 қазан күні Түркістан қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатқан сотталушы медициналық мекемеден қашып кеткен. БАҚ беттерінде тааған ақпаратқа сәйкес, емикрокредиттік ұйымға қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып танылған. Аталған ұйымның клиенттері несиелерін толық өтегенімен, кепілге қойған тұрғын үйлерін қайтара алмаған.
Еске салайық, Түркістан облысында сотталушының медициналық мекемеден қашып кеткені туралы жазған едік.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты