Түркістан облысында Ақсу өзенінен табылған мәйіттің әйел екені анықталды
Түркістан облысында полицейлер Төлеби ауданы Ақсу өзенінен табылған мәйітке байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 қазанда Түркістан облысының Төлеби ауданы полициясының кезекші бөліміне өңірдің төтенше жағдайлар департаментінен Ақсу өзенінде белгісіз мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
“Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ тұруына байланысты оны тану мүмкіндігі болмаған. Мәйітке тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес әйелге тиесілі екендігі анықталды”, – делінген хабарламада.
Бұл жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жинаған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды
Қазақ футболының жаңа дәуірі, тарихи жүлделер, XXI ғасырдағы алғашқы алтын: 2025 жыл ел спорты үшін қандай жетістікке жетті?
2025 жыл Қазақстан спорты үшін тарихи жетістіктер мен сенсациялық нәтижелерге толы айтулы жыл болды