Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарып жатыр

Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отбасыларға қолдау білдіріп, жанұяда кездесетін мәселелерді зерттеу саласына да көңіл бөлуді қолға алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zaporoze.ldpr.ru

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілінің мәлімдеуінше, өңірде отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. 

"Жоспар негізінде биыл жастар және жас отбасылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан", "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ", "Біз бақытты баламыз!"  тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг пен 3 кездесу өткізілді. Аты аталған жиындарға 348 жас пен 34 ата-ана қатысты", – дейді өкіл. 

Жауапты өкілдің сөзінше, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға қатысты кәсіби мамандармен түрлі іс-шаралар өткізілді. 

"Кәсіби мамандармен 565 психо–профилактикалық жұмыстар, психологиялық, заңгерлік кеңестер және әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтер көрсетілді. Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен, полиция және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу негізінде түрлі жиындар өтті. Сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу, ата — ана мен бала арасындағы ынтымақты сақтап, бірлікке шақыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында тренингтер өткізілді. "Құқықтық тәртіп", "Тұрмыс", "Жасөспірім", "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шаралары мен "Зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" және "Отбасындағы бейбітшілік", "Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы", "Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан", "Біз бақытты баламыз!" "Жанұям менің мақтанышым", "КелінLIFE", "Менің отбасым", "Әкең қамқоршың, анаң ақылшың" тақырыптарында 75 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 12 кездесу және 3 спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4000 жас пен 250 жас отбасылар қатысты", – деді жауапты өкіл. 

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Түркістан облысында "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол - ЖОҚ!" тақырыптары бойынша да, мектептерде, жастар мен халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Осы мәселе аясында жұртшылыққа 5 000-нан аса үн парақша (брошюра) таратылыпты. 

"Облыстық ардагерлер кеңесі, билер алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңесінің қатысуымен түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында барлық аудан, қаладағы 117 сыртқы жарнама құралдарында баннер эскиздері мен видеориликтер орналастырылды. Облыста 2024 жылы жастар және жас отбасылар арасында отбасылық рухани құндылықтарды дәріптеу  мақсатында "Мерейлі отбасы - 2024" ұлттық байқауы өткізілді. 9-рет өткізілген байқауға 131 отбасы өтінім беріп, арасынан 5 отбасы үздік шықты", – дейді жауапты өкіл. 

Сондай-ақ өңірде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізіліпті. 

"Отбасы бақыт мекені", "Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы", "Жас отбасындағы қақтығыстар", "Жанұя – бақыт тілегі", "Тәрбие тал бесіктен басталады", "Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде", "Тәртіп-тәрбие бастауы", "Отбасы ең үлкен құндылық" сынды тақырыптарда отбасыларға арнайы шара ұйымдастырылды. 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық жас отбасы қатысты. 2024 жылы аудан, қала бойынша жас отбасылардың санасына отбасылық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру мақсатында "Шаңырақ" жобасы аясында семинар-тренинг өткізілді. Жас отбасылар арасында жастарды салт-дәстүрге, отбасындағы құндылықты дамытуға толыққанды тұлғалық және дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін  дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында "Бақытты отбасы – бақытты ел" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды", - дейді жауапты өкіл. 

Жауапты өкілдің сөзінше, аталған жобаларға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тікелей қатынасқан. 

Жұмаділлә Нұрила
Жексенбі, 17 Қараша, 2024 14:00
Талқылау
`