Түркістан облысы екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен каратэші Әсел Қанайға көлік сыйлады

Фото:Түркістан облысының спорт басқармасы
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен каратэші Әсел Қанайға көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл марапатты спортшыларға әлем чемпионаттарындағы жетістіктерінен кейін сыйға беріліп отыр.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Дубайда IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты. Осылайша ол екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген.
Ал каратэші Әсел Қанай Каирде өткен каратэден әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді. Қола медаль үшін тартысты қазақстандық спортшы Украина өкілі Александра Шолохованы 3:2 есебімен жеңіп шықты.
Бұл оның әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар ол дүниежүзілік ойындарда жылдың үздік спортшысы атағында жеңіп алған.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев

