Елімізде туристік жолдамалар бағасы 40%-ға дейін өскен
Шетелге туристік жолдамалар шамамен 40% қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Қазір Түркияда бір адамға бір апталық демалыс жарты миллион теңгеге жуық тұрады. Бір жыл бұрын ол 300 мың болатын.
Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Дубайға саяхат бағасы 20 пайызға өсті.
“Баға мезгілге байланысты. Әр маусымның өз бағыттары бар, бірақ туристік бағалар әлі де өседі, сондықтан туристер соған дайын болуы керек”, – деді туристік компанияның менеджері Дәрия Әбиева.
Сарапшылардың айтуынша, бұл әлемдік инфляциямен байланысты. Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмендеуде. Бұл жағдайда ішкі туризмді дамыту мүмкіндігі бар. Өткен жылы ел ішінде туризм деңгейі 24%-ға өсті. Бірақ қызметтің сапасында прогресс байқалмайды.
“Алданып қалмас үшін адал туристік агенттікті таңдауға кеңес беремін. Ақшаны қолма-қол карталарға аудармаңыз. Төлеу үшін кеңсеге немесе есеп айырысу шотына келу керек”, – деді туристік агенттіктің аға менеджері Айдана Пердебекова.
Турлардан басқа, қызметтер мен ойын-сауықтар да орташа есеппен 25%-ға қымбаттады. Сарапшылар шетелде демалуды жоспарлаушыларға сапарға ақша үнемдеу үшін билеттерді алдын-ала брондауға кеңес береді.