Шри-Ланкадағы жұмбақ өлім: Қонақүйден туристердің жансыз денесі табылды
Британиялық турист, 24 жастағы Эбони Макинтош еңбек демалысына шығып, Шри-Ланкада төрт күннен кейін қайтыс болды. Қыз аяқасты өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Кейін бірден ауруханаға жеткізілді. Осылайша қыз жұмбақ өлімдердің кезекті құрбаны болды. Қонақүйдегі туристер өзін нашар сезініп, құсып, жүрегі айнып және тыныс алуы қиындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Эбони Шри-Ланкаға саяхатын бірнеше ай бұрын жоспарлаған. Ол ауруханаға жеткізілген соң араға бірнеше сағат салып қайтыс болды. Эбонидің өмірінің соңғы сәтінде оның жанында сол қонақүйде тоқтаған адамдардың бірі болған. Марқұмның жақындары сол үшін ол адамға шексіз ризашылығын білдірді.
Шри-Ланка билігі әзірге толық медициналық тексеру аяқталғанша мәйітті бере алмайтынын мәлімдеді. Эбонидің отбасы мәйітті елге қайтарып, ұшаққа, жүріп-тұруға, құжаттар мен жерлеу шығындарына қаражат жинап жатыр.
Эбонидің нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Өлімнің себебі медициналық тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болмақ. Осылайша қыз жұмбақ өлімдердің кезекті құрбаны болды. Қайтыс болғандардың арасында белгісіз ішімдіктен кейін көз жұмғандар да бар.
Эбонидің сіңлісі Индия әлеуметтік желіде әпкесіне арнап әсерлі жазба арнады.
“Менің Эбониім, менің әпкем… Менің өмірімде болғаның үшін, менің арманымдағы әпкем болғаның үшін алғасым шексіз. Сенің үйге қайтып келгеніңді қалаймын. Мен қорқынышты түстен ояна алмай жатқандаймын. Сен үшін әділдікке жетеміз, Өмірің әлі алда еді ғой… Жүрегім ауырып тұр, сен бәрімізге керексің. Сені үйге қайтарайықшы”, – деп жазды Индия.
Эбонидің Instagram-да 10 мыңға жуық оқырманы бар. Ол әр сәтін әлеуметтік желіге салып, ерекше стилін, әсері мен саяхаты туралы ой бөлісетін.
Қазір Эбонидің отбасы оның денесін елге қайтарудың амалын жасап жатыр. Олардың Шри-Ланкаға барып марқұмның денесін алып қайтуы үшін 22 000 фунт стерлинг (14 млн теңгеден аса -авт) керек. Индия GoFundMe деп аталатын кампанияны іске қосты. Қысқа уақыт ішінде олар 20 000 фунттан астам ақша жинаған.
Тағы бір британиялық азаматша, заңгер Симон Уайт былтыр Лаостың Ванг Виенг қаласындағы хостелде жаппай уланып өлген алты саяхатшының қатарында. Симон Уайт барған клубта туристерге құрамында өлімге әкелетін метанолы бар виски мен арақ тегін ұсынылған. Құрбысы екеуі Оңтүстік Азияның керемет жерлерін шарламақ болған. Кенет олар өздерін нашар сезініп, шұғыл ауруханаға жеткізілді.
57 жастағы америкалық Джеймс Хьюстон, 19 жастағы екі австралиялық Холли Мортон-Боулз және Бианка Джон және олардың дат достары, 20 жастағы Энн-Софи Оркилд Куйман мен 21 жастағы Фрея Соренсен де белгісіз нәрседен уланып қалған.
Рождество мерекесінен кейін Вьетнамда да осындай жантүршігерлік қайғылы оқиға болған. Британиялық әйел 33 жастағы Грета Мари Оттесон мен оның жігіті 36 жастағы Арно Элс Куинтон романтикалық кешкі астан кейін қонақүйге оралған. Кейін олар лимончеллодан (алкоголь сусыны – авт.) дәм татпақ болып, басқа мекемеден екі бөтелкеге тапсырыс берген. Таңертең қонақүй қызметкерлері екі бөлек бөлмеден олардың жансыз денелерін тапқан. Вьетнам полициясы олардың метанолдан уланып, көз жұмғанын растады.