Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысындағы ауылда ауа температурасы -56 градусқа дейін төмендеген

градусникФото: Акимат района Маркаколь и ДЧС, Усть-Каменогорск

Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз жалғасып жатыр. Өңірдегі қыс температуралық рекордтар орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдік Шығыс Қазақстанға келетін туристер міндетті түрде жуырда -56 градус тіркелген “ең суық” ауылға баруы керек деп есептейді.

Өңірде бірнеше күн қатарынан қақаған аяз сақталып отыр. Бұл, әрине, таңғалатын жағдай емес. Алайда салыстырмалы түрде жылы күндерден кейін суық бірден күрт түсіп, минус 40 градусқа дейін жетті. Ал кейбір елдімекендерде жағдай одан да ауыр. Мәселен Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылында минус 48 градус тіркелді. Жергілікті әкімдік ауыл тұрғындары мұндай экстремалды ауа райына дайын екенін, барлық нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Глубокое ауданындағы Быструха ауылында минус 50 градус байқалса, Марқакөл ауданындағы Шанағатты ауылында -56 градусқа дейін төмендеді.

Әкімдік табиғаттың бұл “сыйын” күтпеген қырынан пайдалануға шешім қабылдады:

“Шанағатты – Қазақстандағы ең суық елді мекендердің бірі. Сонымен қатар бұл ауылда белгілі қазақ жылқышысы, Еңбек Ері Шарып Даутпаев өмір сүрген. Егер Марқакөл ауданына баруды жоспарласаңыз, Шанағатты – міндетті түрде көретін орын”, – делінген хабарламада.

ШҚО-дағы аязда шоқыну сәті

Бұл ауылда адамдар да, инфрақұрылым да шыныққан сияқты, төтенше жағдайлар тіркелмеген. Жалпы, облыста аязға төзімді жандар көп, шоқыну мейрамы түнінде 40 градус аязға қарамастан, шамамен 900 адам мұз ойығына түскен.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 23:55