"Түріктен құда керек пе?!": Мөлдір Әуелбековаға күтпеген жерден ұсыныс жасалды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Түркияда жазғы демалысын өткізіп жатыр.
“Бурак бізге күтпеген ұсыныс жасады. Түріктерден құдалар керек пе? Не дейсіздер қазақ елі?! Стамбұлда Бурактың өзі күтіп алды. Есесіне, әдемі қыздан бір ән шашу шаштым. Тамсанды”, – деп жазды әнші.
-
"Намазхан жігіттердің бәрі періште емес": Мөлдір Әуелбекова жас қыздарға кеңес айтты
-
"Намаз оқитын адамнан көп зардап шектім": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірінен сыр шертті
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова қызының әкесінің төртінші әйелі болғанын жасырмаған еді.
“Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Қызымның әкесімен пандемия кезінде таныстық. Ол кезде намаз оқып, жүрегінде иманы бар жігітті жолықтырсам деп ойладым. Қызыма 8 айлық жүктілігімде кетіп қалдым. Ол жерде ұлым екеуіміз жалғыз қалдық. Мен күйеуімді дұрыс танымай шығыппын. Ол туралы ақпарат іздегенде де маған жалған мәлімет келген. Сөздің шыны керек, төртінші әйелі екенімді білдім. Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалады. Мен баламмен жалғыз қалдым. Әке-шешемді жерге қараттым деп ойладым. Тіпті, суицидке баруға да қадам жасадым. 16-қабаттан секіріп кеткім келді”, – деген еді өнер өкілі.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
