Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындары ең қатігез ел анықталды

Ең қатігез тұрғындар Прибалтика мен Шығыс Европа тұрғындары. Ал, ең мейірімді тұрғындар Латын Америкасы мен Персид шығанағы тұрғындары.

rol_d_850

Бұл туралы 63 елдің мінез-құлқын зерттеу нәтижесінде белгілі болды, деп жазады Journal of Cross-Cultural Psychology.

Зерттеу барысында адамдардың өзгелерге сенімділігі мен жеке басын ойлауы және көпшілдігі тексерілді.
Польша, Литва, Эстония, мен Болгария тұрғындары ең жауапсыз деп танылып, Эквадор, Сауд Арабиясы, Перу мен Дания елінің халқы эмоционалды әрі мейірімді екені анық болды.

«Зерттеу соңғы кездері болып жатқан өзгерістерге байланысты қолға алынды. Әсіресе АҚШ-та соңғы уақытта өмір сүру салты өзгеріп кетті», – дейді ғалым Уильям Чопик. Ол АҚШ-тың қатыгез адамдары көп болғанына қарамастан тізімде 7-орында тұрғанын айтты.

Айта кетейік, аталған зерттеу Қазақстан аумағында өткізілген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі 4 жасар ең жас полиглот 7 тілде сөйлейді (видео)

Домбырашы қазақ жігіт тв-шоуда өзін ұнатып қалған моңғол сұлуына қарсылық білдірді (фото, видео)

Қорылдаудан қалай арылуға болады?

60-қа келген ақсақал жылқының басынан домбыра жасаған (видео)

Талқылау