60-қа келген ақсақал жылқының басынан домбыра жасаған (видео)
Жылқының басынан жасалған домбыра туралы телебағдарламадан үзінді желіге былтыр жүктеліпті. алайда, желі қолданушылары оны әлі күнге дейін бөлісуде.

Видеодан ауыл ақсақалының әр түрлі аспаптарын көрсетіп жатыр. Оның ішінде аттың бас сүйегінен жасалған домбыра ерекше назарға ілікті. Бұл Қытайдағы қазақ телевизиясының бағдарлама үзіндісіне ұқсайды.
«Жасым алпысқа келсе де, осыны ұрпақтың кәдесіне жарасын деп жасадым. Мұндай домбыраның қазақта бұрындары болғанын естідім. Ата-бабаларымыз соғым сойса, малдың басын ағашқа, жарға, тасқа іліп қоятын. Ал кейін одан түрлі бұйымдар жасаған», – дейді ақсақал.
Ақсақал қолындағы аспаптың домбыраның да, қылқобыздың да рөлін атқаратынын атап өтті. Аспап шегі жуан болса қобыз, жіңішке болса домбыраға бола алады. Жүргізуші ақсақал жкөпшілікке жылқының жауырынынан жасаған домбыраны да таныстырды.
Жіберіп алмаңыз:
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан