Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туниске таэквандодан олимпиада алтынын әперген Есбол Сұлтанов Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болды

2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен төрт жылдықтың басты додасында таэквандодан Тунис құрамасына тарихи екі жүлдені алып берген Есбол Сұлтанов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Alex Pantling/Getty Images

Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен Тунис құрамасы Олимпиада ойындарында бір алтын, бір күміс медальге ие болып, жалпы есепте төртінші орыннан көрінді. Бұл елде бұған дейін таэквандо спорты тарихында алтын медаль болмаған. Туниске Есбол келісімшартпен 2023 жылдың қыркүйек айында барған. Ол Парижге дейін Гран-при ойындарында 2 алтын алып берген еді. Бұл жетістікте Тунис үшін тарихи жеңіс. 

Сондай-ақ Гонконгта Дүниежүзілік таэквандо федерациясы 2024 жылдың “Ең үздік бапкері” ретінде Есбол Сұлтановты марапаттаған еді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есбол Сұлтановтың жетістіктерін атап өтіп, елдегі бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керектігін айтқан болатын.

Талқылау