Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Түнгі сағат он екіге дейін далада тұратын»: Ата-анасының саудамен айналысқанын есіне алған Салтанат Бақаева жылап қалды

Салтана Бақаева ата-анасының кезінде саудамен айналысқанын және суық далада түнгі уақытқа дейін тұратынын айтты. Ата-анасының жақсылығын еске алған ол көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Салтанат

«Қолымнан келгенше көмектесемін. Олар кезінде саудамен айналысты. Солардың арқасында біз оқуымызды бітіріп, білім алдық. Дегенмен соларға барынша көмектесуге тырысамын. Аянбаймын. Осы жылы бірінші рет Түркияға демалысқа апардым. Қатты қуанып жатыр. Менің ата-анам қарапайым кісілер ғой», – дейді Салтанат Бақаева «Оңай емес» бағдарламасында берген сұхбатында. 

Айтуынша, ата-анасы Жаңа жыл күндері күн суықта түнгі он екіге дейін далада сауда сатып тұрады екен.

«Олар біз үшін көп нәрсені істеді ғой. Есімде әр жаңа жыл сайын олар түнгі он екіге дейін тұрады. Жабық камокта емес, далада суықта тұратын. Сол үшін ең бастысы ата-анама рахмет дегім келеді. Анам өзіне қарасын дегім келеді. Өйткені әлі де көрер қызығы алда. Қазір өз-өзіңе қарамасаң, ешкім қарамайды. Мен өзім жұмыстан кеш келемін. Оның өзінде ата-енемнің, балаларымның қасында боламын. Ата-анам Талғарда тұрады. Жиі барамын деп айта алмаймын. Бірақ күнделікті хабарласып тұрамын», – дейді Салтанат.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Желтоқсан, 2019 14:44
Талқылау