"Түнде көршілері полиция шақырған": Петропавлда екі жігіт 19 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: sechenov.ru
Петропавлда жалдамалы пәтерлердің бірінде екі жігіт 19 жастағы қызды зорлаған. Қазір күдіктілер ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 19 сәуір Петропавлдағы Жәлел Қизатов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицейлерді сағат түнгі үштер шамасында көршілер шақыртқан. Өйткені пәтерлердің бірінде айғай-шу басталған. Ал тәртіп сақшылары келгенде оларға біраз уақыт бойы есікті ешкім ашпаған. Кейін пәтер иелері есікті ашып, бізді оятып жібердіңдер деп шағымданған. Осы уақытта зорлық көрген қыздың көмек сұраған даусы естілген.
“Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120- бабының 2-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар деген күдікпен 27 және 25 жастағы екі азамат ұсталды. Олар қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – деді облыстағы полиция департаменті.
Жетісу облысында 12 жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды
Қаскелеңде сот аумағынан қашып кеткен күдікті ұсталды: Ол қыз зорлады деп айыпталған
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2024 жылдың қараша айында Семей қаласының полициясы мектеп оқушысының анасының арызы бойынша тергеу бастады. һ Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. 32 жастағы Семей тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Білім бөлімінің мәліметінше, ол 2022 жылдан бері қалалық мектептердің бірінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Қылмыс 2024 жылдың шілде айында болған.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
