Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапалы интернеттің арқасында ауыл тұрғындарының бала кездегі армандары орындалып жатыр

"Қазақтелеком" АҚ еліміздің шалғай елді мекендерін интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Телеком-оператор "нүкте – көп нүкте" технологиясын енгізу арқылы еліміздің ауылдық елді мекендерінде сымсыз желіні дамытып, ауылдықтарға заманауи телекоммуникация қызметтерін ұсынып келеді. Үйде отырып-ақ, алыстағы ағайынымен емін-еркін байланысуға қол жеткізген ауыл тұрғындары сапалы байланыс өмірлерін қалай өзгерткені туралы айтып берді.

Урпек

"Қазақтелеком" интернетіне қол жеткізген өңірлердің бірі – Қостанай облысының оңтүстік аумағында орналасқан Үрпек ауылы. 1300 астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы туралы мемлекеттік жеке меншік жобасының аясында 17 шақырым оптикалық желі тартылып, жылдамдығы жоғары интернетке білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы нысандары мен жергілікті әкімдік қосылды.

Кедергісіз байланыстың шарапатын жергілікті тұрғындар да көріп отыр. Мәселен, осыдан бір жыл бұрын азық-түлік дүкенін ашқан Кәмшат Шаикенова интернетке қосылған екі ай ішінде кәсібі өрге домалағанын айтады. 

Камшат Шайкенова

“Бұған дейін тауарды облыс орталығынан өзім тасуға мәжбүр болатынмын. Ал интернетке қолым жеткеннен кейін барлығын үйіме дейін онлайн түрде тапсырыспен алдырып қана қоймай, жолға кететін шығындарын үнемдеп отырмын. Онымен қоса дүкенге бейнебақылау камераларын орнаттық. Азық-түлік немесе тұрмыстық химия болса да тауарлар түрлерінен де кең таңдау бар. Бағасы да ауылдастардың қалтасы көтеретіндей. Енді QR-код бойынша төлем қабылдауды жоспарлап отырмыз", – дейді Үрпек ауылының тұрғыны Кәмшат Шаикенова. 

Бұдан бөлек, кәсіпкер күніне 240 тоқаш нан пісіріп, ауылды ас атасы – нанмен  қамтамасыз етіп отырған шағын наубайханасы бар екенін де айтып қалды. Сөзінше, бұл жолы да іскер әйел ғаламтордың көмегіне жүгінеді екен. 

"Сауда жасап, нан пісіріп, екі балаға қарап үлгеру оңай емес. Маған жолдасым көмектеседі. Ал кейбір істердің онлайн форматқа ауысуының арқасында аз да болса бос уақыт пайда болды. Оны біз ғаламторда өткіземіз. Мен әдеттегідей жаңа рецептер қараймын, балалар сабақтарына өз бетінше дайындалады", – дейді Кәмшат.

“Қазақтелеком” қарапайым ауыл тұрғындарына бала кездегі армандарына қол жеткізуге зор мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, бастауыш сынып мұғалімі, Үрпекте 20 жылдан астам уақыт тұрып жатқан Гүлмира Күшекова жұмысынан бөлек бос уақытында ғаламтордан видеосабақтар қарап, өз бетінше тоқыма тоқуды үйреніп алған. 

“Жақында екі жасар жиеніме кішкентай кеудеше тоқып бердім. Өзім бала кезімнен тоқыма тоқуға қызығушылығым бар, қазір интернеттің көмегімен тек сабаққа дайындалып қана қоймай, бос уақытымда бейне сабақтар көремін”, – дейді ол. 

Дегенмен педагог бірнеше ай бұрын сапасыз интернеттің салдарынан қиналғанын жасырмады. 

“Үлкен ұлым да мектепте физика пәнінен сабақ береді. Жылдамдығы жоғары желі келмей тұрып, бейнематериалдарын жүктеу ұзақ уақыт алады. Қазір ондай қиындықтар жоқ. Тіпті бір мезетте бірнеше құрылғыдан қосылған жағдайда да жылдамдық тұрақтылығын жоғалтпайды”, – дейді Гүлмира Күшекова. 

Казахтелеком Ашим село

"Қазақтелеком" интернет желісін тартып, өміріне жаңашылдық енген елді мекендердің бірі – Жетісу облысындағы Әшім ауылы. Алакөл ауданындағы аудан орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан шағын өңірде биыл қыркүйекте әлеуметтік нысандарды – жергілікті мектепті, фельдшерлік-акушерлік пунктті және үй шаруашылықтарын деректерді тасымалдауға қосатын сымсыз желі орнатылды. Осылайша әкімдіктердің ғаламторға алғаш рет қолдары жетті.

Қазіргі уақытта Әшімде жүз елуден астам тұрғын тұрады, жаңа қызметті алғашқылардың бірі болып "сынап көрген" Ұлболсын Сопиеваның отбасы болды.

Гулмира Кушекова

"Үйде ұялы телефон байланысы болмайтын, туыстарымызға хабарласу үшін біз ауылдан жыраққа шығып, төбенің басына көтерілетінбіз. Қандай ауа райы болмасын хабарласу үшін сонда баратынбыз, өйткені тек сол жерде ғана интернет ұстайтын. Ал қазір емін-еркін үйден шықпай-ақ туыстарымызбен де сөйлесіп, жаңалықтарды да оқып отырмыз. Үйге қойылатын ғаламтормен қоса ұялы байланысты да қосып қойғанбыз, бұл тіпті қолайлы", – дейді ауыл тұрғыны. 

Цифрлық интернет ауыл тұрғындарына қашықтан оқуға және жұмыс істеуге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабар алмасуға, мемлекеттік қызметтер порталын қалалықтармен тең дәрежеде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде ауылдықтар аудан орталығына немесе қалаға бармай-ақ, дәрігердің қабылдауына жазылып, өтініш жіберуге немесе анықтама ала алады. 

Самат Туганбаев

"Біз өңірлік желілерді жүйелі түрде жаңартып әрі дамытудамыз. Көптеген елді мекендер облыс орталығынан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқанымен, түрлі қиындықтарға қарамастан, цифрлық инфрақұрылымның құрылысы жалғасуда. Ауыл мен қала арасындағы "цифрлық теңсіздікті" жою компанияның басты мақсаттарының бірі болып қала береді", – деп атап өтті "Алматытелеком" қауымдастығының "Желі" дивизиясы" қолжетімділік желісін пайдалану департаментінің директоры Самат Туғанбаев.

Еске салайық, ауылдарда сымсыз желіні енгізу "Қазақтелеком" 2018-2020 жылдары республиканың ауылдық жерлерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасын жүзеге асырғаннан кейін мүмкін болды. Одан кейін еліміздің 828 ауылына 14,5 мың шақырымнан астам "оптика" төселгеннен кейін 2,5 мыңнан астам мемлекеттік және бюджеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылды. 

Талқылау